Намибия елінде орналасқан Иран Ислам Республикасының мәдени орталығы қасиетті Құран Кәрімді ошивамбо тіліне аударуды жоспарлап отыр.
Иран Құран агенттігінің хабарлауынша, қасиетті Құран Кәрім Намибия университеті оқытушыларының қатынасуымен ағылшын тілінен ошивамбо тіліне аударылмақ. Осы тілде Құран Кәрімнің алғашқы сүресі «Фатиха» мен Бағара сүресінің 30 аяты аударылған болатын.
Намибия халқының жартысы, әсіресе овамбо ошивамбо тілін қолданады.
1277646