کد خبر: 1289250
تاریخ انتشار : ۲۶ شهريور ۱۳۹۲ - ۰۰:۱۷

«Қасиетті Құран аудармалары» атты форум

Иранның астанасы Тегеран қаласындағы Азад Ислам университетінде болып жатқан «Қасиетті Құран Кәрім аудармалары» атты форумның жабылу салтанатын өткізу 6-7 қазан айында жоспарланып отыр.



Осы жайында форумды ұйымдастырушы комитетінің басшысы Мохаммад Зияр Иран Құран агенттігінің журналистеріне берген сұхбатында хабарлады.


Қазірдің өзінде ұйымдастырушы комитеттің хатшылығына жиналған 80-нен аса ғылыми-зерттеу жұмыстары мен мақалалар іріктеліп, оның 12-сі түрлі ғылыми журналдарға жариялауға жіберіледі. Сондай-ақ форумның жабылу салтанатында ең үздік ғылыми-зерттеу жұмыстары ретінде хабарланады.


Жобалар мынындай тақырыптарды қамтиды: «Құран аудармаларының тарихы мен библиографиясы, теориялық аударма, аудармадағы жіберілген қателер, иран-ислам аударма кіріспесі мен Құран аударма мектебі».



1287612


captcha