کد خبر: 1289899
تاریخ انتشار : ۲۷ شهريور ۱۳۹۲ - ۰۰:۱۹

Шешенстан президентінің төртінші баласы Құран Кәрімді жатқа біледі

Шешенстанның президенті Рамазан Қадыровтың Рамли есімді төртінші баласы Құран Кәрімді толығымен жаттап алған.



Ол 16-шы қыркүйекте өткен Құран жарысында Құран мамандарының қойған 15 сұрағына мүдірместен жауап берген. Сөйтіп, қасиетті Құран жаттаудағы өз шеберлігін көрсетті.


Құран жарысы Шешенстанның астанасы Грозный қаласында ел президентінің қатынасуымен өтті.


Президенттің басқа да Айна, Хатмат және Ахмат есімді балалары да Құран Кәрімді толығымен жаттаған болатын.


Шешенстанда төрт Құран жаттау мектебі бар және бүгінгі таңда осы мектепті 123 оқушы бітіріп шықты.



1289262


captcha