کد خبر: 1280953
تاریخ انتشار : ۰۹ شهريور ۱۳۹۲ - ۲۲:۳۷

Боснияда «Құран өнер айнасы» көрмесі өтті

26-шы тамызда Босния мен Герцеговинаның Сараево қаласында орналасқан Иран мәдени орталығында «Құран өнер айнасы» атты көрме болып өтті.



Иран Құран агенттігінің хабарлауынша, көрме Иран мәдени орталығындағы Құран апталығы бағдарлама аясында болып өтті.


Құран көрмесі салтанатты түрде Сараево университетінің ұстаздары мен ғалымдарының, Босниядағы Иран Ислам Республикасының елшісі Сейед Хусейн Раджаби, Мулла Садр атындағы қордың директоры ходжатуль-ислам Ейби, Сараеводағы Иран мәдени атташесі Мохаммад Реза Арам және басқа да көптеген діни, мәдени қайраткерлер қатынасуымен ашылды.


Көрмеге Құраның жазбаша және ауызша аудармалары, сирек кездесетін Құран көшірмелері, көркемжазудың бірнеше түрімен жазылған Құран қойылды.



1279548


captcha